Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Президент: ЖИ-ді қолдана алмайтын кәсіпкер табысты бизнес жасай алмайды

8 Қыркүйек 2025, 12:22
600
Бөлісу:
 Жасанды интеллект
Фото: Жасанды интеллект

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев агрохабтар мен логистика орталықтарын дамыту қажеттігіне назар аударды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлімдеді.

Қазіргі таңда ең өзекті міндеттің бірі бұл – агрохабтар және логистика орталықтарын дамыту. Атап айтқанда, шетел инвесторларымен серіктестікті нығайту керек. Бірақ бұл жерде бір нәрсені ескеру қажет: отандық кәсіпкерлер қазіргі заман талабын дұрыс түсінбесе, яғни жасанды интеллектіні қалайша тиімді пайдалануға болатынын білмесе, табысты бизнес серіктестігін құра алмайтыны анық, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қоса мал шаруашылығы саласындағы агробизнесті қолдау қажеттігін айтты.

Министрлік мал шаруашылығы саласындағы агробизнесті қолдау жоспарын әзірлеп, нақты қаржыландыру шараларын бастауы керек. Басты мақсат – ішкі нарықты етпен толық қамтамасыз ету. Сонымен қатар осы саланың экспорттық әлеуетін күшейту, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Бұған дейін Тоқаев оқушылар мен мұғалімдерге қатысты жаңалық айтты.

Өзгелердің жаңалығы