Президент жануарларды қорғауға қатысты заң жобасын әзірлеуді тапсырды

1 Қыркүйек 2020, 13:39
1874
Бөлісу:
Президент жануарларды қорғауға қатысты заң жобасын әзірлеуді тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында айтты.

Қоршаған ортаның қорғау, экологиялық даму мәселелері Қазақстанда күн тәртібінде тұрған өзекті тақырыптар қатарында. Бұл проблемалармен тұтас мәдени әлем айналысып жатыр. Біздің де магистральді тенденциядан шет қалғанымыз жөн емес. Бірқатар жүйелі проблеманы шешуге арналған жаңа экологиялық кодекс қабылданды. Парламентке жыл соңына дейін осы маңызды құжатты саралап, қабылдауды өтінемін. Үкіметке экологиялық жағдайды жақсарту бойынша практикалық шараларды іске асыруға кірісуді тапсырамын. Биологиялық әртүрлілікті сақтау мен ұтымды пайдаланудың ұзақмерзімді жоспарын бекіту қажет. Бес жыл ішінде орман қорында 2 млрд-тан астам және елді мекендерде 15 млн-нан астам ағаш отырғызылады. Бұл акция еліміздің ауқымды көгалдандырылуына алып келеді, - деді Президент.

Мемлекет басшысы Қазақстанның ұлттық парктері мен басқа да табиғи байлықтарын қорғау керегін ескертті.

Елорданың айналасындағы жасыл белдеуді ұлғайту мәселесі өткір тұр. Заңнамалық және нормативті түрде Қазақстанның ұлттық парктері мен басқа да табиғи байлықтарын қорғау керек. Осы салада құқық бұзушылық жасаған азаматтарды қылмыстық, әкімшілік қудалауды күшейту қажет, - деді ол.
Сонымен қатар, Президент жануарларды қорғау мәселесіне де тоқталды.
Үкімет пен азаматтық сектордың алдында жануарларды қорғауға қатысты заң жобасын құру міндеті тұр. Жануарларға деген қарым-қатынас кез келген мемлекеттің өркениетінің өлшемі саналады, ал бізде бұл мәселеде жағдай мәз емес, - деді Мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы