Президент жаңа құрлық дәліздерін іске қосуды ұсынды

25 Қаңтар 2022, 15:45
1383
Бөлісу:
Президент жаңа құрлық дәліздерін іске қосуды ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатиялық  қатынастардың 30 жылдығына арналған «Орталық Азия – ҚХР» атты саммитінде айтты.  

Транзиттік-көліктік бағытты дамыта беру өте маңызды. Оны жаңа құрлық дәліздерін іске қосу арқылы жүзеге асыру керек. Қазақстан өз тарапынан 2025 жылға дейін бұл бағытарға 20 млрд доллар инвестиция құюды жоспарлап отыр. Бұл Қытайдан келетін транзиттік сауда көлемін кеңейтеді. Еуропаның өсіп бара жатқан сұраныстарын қамтамасыз етеді, - деді Тоқаев. 

Президент атап өткендей, Дүниежүзілік банктің бағасы бойынша Орталық Азия көліктік коммуникациясын арттыру 5 елді азық-түлікпен қамтамасыз етуін 15 пайызға арттыра алады. 

Біз бұл бағыт бойынша кез келген ұсынысқа ашықпыз, - деді Тоқаев. 

Сондай-ақ Мемлекет басшысы атап өткендей, қазақстан көміртектік бейтараптыққа өту бағытын да белсенді ұстанады. 

Қазақстан 2060 жылға дейін көміртектік бейтараптыққа жетуді мақсат етіп отыр. Осы орайда тәжірибе алмасу мен өзара ұсыныстармен бөлісуді ұсынамын. Қытайдың бұл саладағы тәжірибесі Қазақстан үшін теңдессіз болып есептеледі, - деді Тоқаев. 

Өзгелердің жаңалығы