Президент жаңа министрге суға қатысты мәселелерді шешуді тапсырды

6 Қыркүйек 2023, 19:30
575
Бөлісу:
Президент жаңа министрге суға қатысты мәселелерді шешуді тапсырды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовті қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында Президент су ресурстарын басқару мәселелері бойынша Орталық Азия елдерімен өзара іс-әрекетті жолға қою маңызды екенін атап өтті.

Министрлікке су шаруашылығы инфрақұрылымдарын кең көлемде жаңғырту, суды есептеу және бөлу жүйесін цифрландыру міндеті жүктелді.

Мемлекет басшысы су ресурстарын тиімсіз пайдалануға және гидротехникалық нысандардың әбден тозуына қатысты мәселелерді шешу үшін жаңа Су кодексін уақтылы қабылдау қажеттігін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық гидрогеологиялық қызметті қайта құру және министрлікке қарасты ұйымдарды трансформациялау жұмыстарын аяқтауды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы