Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент әкімшілігі басшылығы, Қауіпсіздік кеңесі хатшысы, Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі басшыларының қатысуымен өткен жиында еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі өзекті мәселелер талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев барлық қазақстандықтардың құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында еліміздегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты күшейтудің айрықша маңыздылығын атап өтті.
Президент ұлттық заңнамаларды түсіндіру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру жұмыстарын жандандыру қажет деп санайды.