Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Президент Вьетнам Коммунистік Партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламға көңіл айтты

20 Шілде 2025, 21:50
457
Бөлісу:
 архив
Фото: архив

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамда болған «Вифа» тайфуны салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Сізге және жақындарынан айырылған азаматтарға, сондай-ақ достас Вьетнам халқына көңіл айтамын. Табиғи апаттан жарақат алғандардың тез арада сауығып, аман-есен отбасыларына оралуына тілектестігімді білдіремін, – делінген жеделхатта.

Өзгелердің жаңалығы