Президент ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратына барды

Президент Астана қаласы бойынша ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Ақорда 19 Тамыз 2025 2025, 13:38
19 Тамыз 2025 2025, 13:38
958
Фото: Ақорда

Президент Астана қаласы бойынша ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы Астана қаласындағы ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратын аралап көрді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жедел орталық, қызметкерлердің жұмыс кабинеттері және заманауи талаптарға сай жабдықталған қызметтік бөлмелер таныстырылды.

Президент елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті материалдық-техникалық базамен жарақтандырылған жаңа ғимараттың құрылыс жұмыстарына оң баға берді.

Наверх