Президент Үндістан премьер-министрін қайта сайлануымен құттықтады

27 Мамыр 2019, 16:06
1978
Бөлісу:
Президент Үндістан премьер-министрін қайта сайлануымен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның премьер-министрі лаузымына қайта сайланған Нарендра Модиға құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Мемлекет басшысы жеделхатта Нарендра Модиді Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Үндістан Республикасының премьер-министрі лауазымына қайта сайлануымен құттықтап,  Бхаратья Джаната партиясының басым жеңісі, Үндістан халқының оған деген сенімі мен қолдауын көрсететінін айтқан. 

«Сіздің көшбасшылығыңыз бен қабілетіңіздің арқасында Үндістан өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуында жаңа жетістіктерге жетіп, халықаралық беделін нығайта түседі деп сенемін. Қазақстан мен Үндістанның достас халықтарының игілігі үшін стратегиялық ынтымақтастығымызды тереңдете беруге дайын екенімізді жеткіземін», - делінген жеделхатта.  

Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрінің қызметіне табыс, халқына бейбіт өмір мен береке тіледі.

Өзгелердің жаңалығы