Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа міндеттер жүктемек

9 Қыркүйек 2023, 10:27
971
Бөлісу:
Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа міндеттер жүктемек
Фото: Арман Мухатов

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосымша құзыреттер беруді көздейтін Президент Жарлығының-жобасы ашық талқыға шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ашық НҚА порталында жарияланған құжатта жазылғандай, аталған ведомствоға мына функциялар берілмек:

- ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін, сондай-ақ азаматтық контингентiн мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы ұсыныс жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

- Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының профилактикалық есепке алуды жүргізу және профилактикалық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

- техникалық барлауға қарсы іс-қимыл қағидаларын әзірлеу және бекіту;

- ақпаратты және техникалық құралдарды қорғау тиімділігінің нормаларын және олардың қорғалуын бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

- бөлінген бюджет шегінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпаратты техникалық қорғау және мемлекеттік құпияларды қорғау саласында мамандар даярлау орталығында мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстары бойынша оқытушылардың қызметін төлеу үшін 1 академиялық сағатының құнын белгілеу;

- ұлттық қауіпсіздік органдарының қарсы барлау, барлау, жедел-іздестіру қызметін және тергеу әрекеттерін психологиялық сүйемелдеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

- ұлттық қауіпсіздік органдарында әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауына тексерулерді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

Жарлық-жобасы 19 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады.

Өзгелердің жаңалығы