Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдады

7 Маусым 2022, 18:17
1432
Бөлісу:
Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысына Ұлттық банктің 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында жүзеге асырған ақша-кредит саясатының алдын ала қорытындысы жөнінде есеп берілді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыртқы және ішкі нарықтардағы ахуал, инфляцияға қатысты болжам және оның қарқыны, сондай-ақ алтын-валюта резервтерінің жай-күйі туралы мәлімет берілді.

Ғалымжан Пірматов Президентке мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы мен ұлттық төлем жүйесін одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстарын айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ақша-кредит саясатын тиімді жүзеге асыруға, инфляцияны ұстап тұруға және қор нарығының тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.

Өзгелердің жаңалығы