Президент түзету мекемесіндегі деректерге қатысты Бас прокурорға тапсырма берді

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы түзету мекемесіндегі деректерге қатысты Бас прокурорға жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырғаны туралы Твиттердегі парақшасында жазды.</h4>

 31 Шілде 2019 2019, 14:11
31 Шілде 2019 2019, 14:11
2023

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы түзету мекемесіндегі деректерге қатысты Бас прокурорға жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырғаны туралы Твиттердегі парақшасында жазды.

"Алматы облысы Заречное ауылындағы түзету мекемесінде (ТМ) жазасын өтеушілерді азаптау деректеріне қатысты Бас прокурорға жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырдым. ТМ-нің 5 қызметкері ұсталды, бірқатары жұмыстан босатылды. ІІМ-не ТМ жаңғырту тапсырылды. Азаматтық бақылауды күшейту қажет", - депінген жазбада.
Наверх