Президент Тоқаев жастарды сайлауға белсенді қатысуға шақырды

Президент сайлауалды науқан қоғамның саяси мәдениеті артып, азаматтардың ел ісіне белсенді араласа бастағанын көрсетті деп бағалады.

21 Тамыз 2026, 19:06
АВТОР
 Ақорда 21 Тамыз 2026, 19:06
21 Тамыз 2026, 19:06
82
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Құрылтай сайлауы қарсаңында жасаған үндеуінде жастарды сайлауға белсенді қатысуға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Сайлауалды науқан еліміздегі қоғамдық күн тәртібі өзгергенін, жасампаздық пен өркендеу идеясы мемлекет саясатының арқауына айналғанын айқын көрсетті. Жұрт алдына жаңа тұлғалар шықты, ұтымды ұсыныстар айтыла бастады. Бұл – түбегейлі саяси жаңғырумен қатар, ұлтымыздың қайта жанданған пассионарлық қуатын танытатын маңызды нышан. Қоғамдық пікірталасқа жастарымыз, кәсіби қауымдастық өкілдері мен кәсіпкерлер де белсенді қатысты. Мемлекет басшысы ретінде баршаңызға зор ризашылығымды білдіремін, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент халқымыздың саяси мәдениеті артқанын алға тартты. 

Жалпы, халқымыздың саяси мәдениеті артып, жұртымыз мемлекеттік басқару ісіне атсалыса бастады. Бұл біз бір ел болып жүргізген реформалардың тікелей нәтижесі екені сөзсіз. Азаматтарымыз қастерлі Отанымыздың тағдырына шынайы жанашырлық танытып, еліміздің келешегіне жауапты екенін терең сезінуге тиіс. Сонда ғана Қазақстан одан әрі қарыштап дамиды. Сайлау науқаны отандық және халықаралық байқаушылардың жіті назарында болды. Олар дауыс беру күні де учаскелерде болады. Біз «Заң мен Тәртіп» қағидаты үстемдік құратын, халық үніне құлақ асатын, саяси және қоғамдық институттары тиімді жұмыс істейтін мемлекет құрып жатырмыз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Наверх