Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтады.
Отандастарымызды Елорда күні мерекесімен құттықтаймын! Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саяси ерік-жігерінің арқасында Ұлы дала кіндігінде Тәуелсіздігіміздің жарқын символына айналған заманауи қала бой көтерді. Елорда ұлтымызды жасампаздыққа, даму мен өрлеуге жетелейді, - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.
Ата кетейік, Астана күні Қазақстанда мемлекеттік мереке саналады. Әр жыл сайын 6 шілдеде аталып өтеді.