Президент: Тілге қатысты жұмысты даңғаза жасамай, табандылықпен жүргізу керек

16 Маусым 2022, 17:30
1965
Бөлісу:
Президент: Тілге қатысты жұмысты даңғаза жасамай, табандылықпен жүргізу керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлытау өңірінде өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт мәлімдеді. 

Мемлекеттік рәміздерімізге, ана тілімізге деген құрмет әрқашан жоғары болуға тиіс. Қазақ тіліне қатысты алаңдаушылық елдегі жағдайды дұрыс түсінбегеннен туындап отыр. Шын мәнінде, бұрынғы ахуал мен қазіргі кезеңді мүлде салыстыруға келмейді. Мемлекеттік тілдің тұғыры күн өткен сайын нығайып келеді. Оған қоса, әлемнің басты ақпарат құралдары қазақша шығып жатыр. Жақында әйгілі APPLE компаниясы қазақ тілін iOS-тың тілдер жүйесіне қосты. Әлемнің 40 тілінде тарайтын NICKELODEОN телеарнасы қазақша көрсетіле бастады. Жастардың бастамасымен NATIONAL GEOGRAPHIC журналы 6 жылдан бері ана тілімізде жарық көруде, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде. 

Сонымен қатар Президент қазақ тілінің жағдайына алаңдауға негіз жоқ деп отыр.

Осындай көптеген жағымды жаңалықтар бар. Сондықтан қатты алаңдауға негіз жоқ деп ойлаймын. Десек те, осы саладағы жұмысымызды даңғаза жасамай, табандылықпен жүргізуіміз қажет. Қазақ мемлекеті аман тұрғанда, қазақ тілі жасай береді. Бұған ешқандай күмән болмауы керек, - деп атап өтті Мемлекет басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы