Президент техникалық мамандықтарды неге Ресейде оқу керек екенін айтты

29 Қаңтар 2022, 21:15
2204
Бөлісу:
Президент техникалық мамандықтарды неге Ресейде оқу керек екенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастар техникалық білімді неліктен Ресейде алу керек екені туралы айтты.

Ресейлік білім, әсіресе, техникалық білім өте жақсы, бұл бәріне белгілі. Мысалы, Мәскеуде жоғары оқу орындарынан Н.Е. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті, «MИФИ» Ұлттық зерттеу ядролық университеті, Жаңасібір мемлекеттік университеті, Томск университеті бар. Әрине, ол міндеттелмейді. Біріншіден, мен тілдік кедергілер болмағандықтан Ресейге оқуға жібергеніміз дұрыс болар деп айттым. Екіншіден, біз стратегиялық серіктеспіз, үлкен бизнесте ортақ кәсіпорындарымыз бар. Бізге Ресейде оқыған техникалық мамандар қажет. Алайда Батыс елдерде білім алғысы келетіндер болса, оған еш кедергі келтірмейміз. Оның үстіне, батыстық білімді мінсіз деп айтпас едім. Батыстағы университеттер де диплом “басып шығаратын контораға айналып барады, - деді Мемлекет басшысы.

Естеріңізге салайық, «Болашақ» тізіміне барлығы 27 елден 200-ден астам университет енгізілген. Енді техникалық бағыттағы мамандарды даярлайтын тізімге ресейлік жоғары оқу орындарынан Н.Е.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті, «MИФИ» Ұлттық зерттеу ядролық университеті, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті және Мәскеу физика-техникалық институты енді. 

Сондай-ақ Білім және ғылым министрлігі қазіргі уақытта «МИСиС» Ұлттық зерттеу техникалық университетін және ИТМО Ұлттық зерттеу университетін тізімге енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы