Президент тағы бір агенттік құруды тапсырды

26 Қаңтар 2021, 13:33
1373
Бөлісу:
Президент тағы бір агенттік құруды тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президенті жанынан Экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттік құруды тапсырды.

Жалған кәсіпорындармен және қасақана төлемеушілермен жұмысты жүйелі түрде күшейту қажет. Оң динамиканы сақтау үшін аталған бөлімшенің мәртебесін көтеру керек. Және ең қысқа мерзім ішінде Президент жанынан Экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттік құру қажет, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол сонымен қатар елдің кедендік жүйесі барынша тиімді емес екенін айтты. Сондықтан 1 қыркүйекке дейін кедендік әкімшілендіру бойынша тұжырымдама әзірлеуді тапсырды. 

2019 жылы біз қаржылық бақылау комитетіне реттеу жұмысын жүктедік. Бұл өз нәтижесін берді. Өткен жылы 83 қылмыстық топ ұсталды. Бұл жұмыстың басы ғана. Қарқынды арттыру үшін Президент жанындағы агенттіктің жұмысын күшейту керек. Ол 2025 жылға қарай «көлеңкелі экономика» 15 пайызға жетпеуі керек. Бұл Үкімет пен жаңадан құрылған агенттіктер алдындағы үлкен жұмыс, - деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтіп жатыр. 
Өзгелердің жаңалығы