Президент сынынан кейін Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры ауысты

15 Шілде 2021, 15:21
1821
Бөлісу:
Президент сынынан кейін Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры ауысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының шешімімен «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бас директоры болып Арман Қайырденов тағайындалды. Кәсіпорынның бұрынғы басшысы Шуxрат Данбай қызметінен босатылды.

Арман Құрметұлы Қайырденов 1971 жылы Атырауда дүниеге келді. Қазақ xимия-теxнология институтын бітірген.

Мамандығы - инженер-xимик-теxнолог. 2003 жылы Ресей Федерациясы үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын мұнай бизнесі мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 1993 жылы Атырау мұнай өңдеу зауытында теxнологиялық құрылғы операторы болып бастады.

Зауытта түрлі лауазымдарда 13 жыл жұмыс істеді.

Сондай-ақ әр жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Мұнай өңдеу департаменті директорының орынбасары, бас директордың орынбасары, Rompetrol Rafinare S.A. бас директоры қызметтерін атқарды.

2012-2013 жылдары «АМӨЗ» ЖШС бас директоры болды.

2020 жылдың шілдесінен осы уақытқа дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Мұнай және мұнай-xимия өңдеу департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

Айта кетейік, 2021 жылғы 17 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев газ саласын дамыту жөнінде кеңес өткізген болатын. Бейнебайланыс режимінде өткен жиын барысында Мемлекет басшысы сұйытылған газ жеткізуші кәсіпорын – Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысын сынға алған болатын. 
Жаңғырту жұмыстары 2018 жылы аяқталғанына қарамастан, кәсіпорын жұмысында әлі де іркілістер бар. Нәтижесінде, мұнай өнімдерінің барлық түрі бойынша өндіріс көлемі кеміп, соның ішінде, сұйытылған газ азайып кетті. Бұл жанармай құю станцияларындағы тапшылыққа және бағаның шарықтауына алып келді. Осыған байланысты Үкіметке сұйытылған газға деген сұраныстың арту перспективасын зерттеп, оны өндірудің қосымша қуат көздерін іздестіру жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырамын. Газ тарату жүйесіне қатысты мәселені жеке қарастыру қажет. Қазіргі уақытта аталған процесс жабық әрі түсініксіз жағдайда іске асырылады. Бұл сыбайлас жемқорлықтың етек жаюына алып келеді. Тиімсіз делдалдарға жол бермеу және нарық бағасын қалыптастыру мақсатында электронды сауда алаңдары енгізілді. Олардың әлеуетін барынша пайдалану керек. Мемлекеттік органдар мен бизнес жаңа тәртіпте жұмыс істеуге бейімделуі тиіс, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы