Президент соңғы екі күнде 27 кездесу өткізіп, 3 ірі шараға қатысты

21 Қыркүйек 2022, 13:01
1308
Бөлісу:
Президент соңғы екі күнде 27 кездесу өткізіп, 3 ірі шараға қатысты

Президенттің АҚШ-қа жасаған сапарының екінші күні де аяқталды. Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.


20 қыркүйектің басты оқиғасы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 77-сессиясының Жалпы дебаты болды. Қасым-Жомарт Тоқаев аталған шарада сөз сөйлеп, бірнеше жаһандық өзекті мәселені көтерді. Президент өз сөзінде бұрыннан қалыптасқан әлемдік қауіпсіздік жүйесін қалпына келтірудің, территориялық тұтастықты сақтаудың, елдердің егемендігін құрметтеудің маңыздылығын атап өтті, - деп жазды ол.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Азық-түлік жөніндегі жаһандық саммитке де қастысып, сөз сөйледі. 

Президент әлемдік нарықтағы Қазақстанның рөлін аттыруға бағытталған бірнеше ұсыныс айтты. Ол еліміздің астық және басқа азық-түлік түрлерін тұрақты жеткізуіне, Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға қатысты болды. Жалпы, биылғы шетелдік сапарларда Президент ең жиі көтерген мәселенің бірі  - көлік-логистика мәселесі. Яғни, бүгінгі күрделі геосаяси жағдайға қарамай отандық тауарларды әлемдік нарыққа шағыраудың жаңа жолдары үнемі қарастырылып жатыр. Себебі бұл ел экономикасына тікелей ықпал ететін маңызды фактор. 
Бұдан бөлек, бүгін Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельмен, Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен, Австрия Президенті Александр Ван дер Белленмен, Халықаралық Қызыл Крест комитетінің Президенті Питер Маурермен кездесіп, екіжақты мәселелерді талқылады. Сондай-ақ Иордания Королі ІІ Абдалламен, Қатар Әмірі Тамим бин Хамад Әл Танимен әңгімелесті. 
Жалпы, Президент соңғы екі күнде 27 кездесу өткізіп, 3 ірі шараға қатысты, - деп жазды Руслан Желдібай.

 

Өзгелердің жаңалығы