Президент Словакия Премьер-министріне жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді

15 Мамыр 2024, 22:24
588
Бөлісу:
Президент Словакия Премьер-министріне жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді
Фото: архив

Президент Словакия Премьер-министріне жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалуына байланысты бұл террорлық әрекетті қатаң айыптайтынын және мұндай қараулықты мүлде ақтауға болмайтынын мәлімдеді.

Қазақстан мен Словакияны ұзақ жылғы достық пен өзара тиімді ынтымақтастық қатынастар байланыстырады. Бұл игілікті істе Премьер-министр Роберт Фицо елеулі рөл атқарды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Роберт Фицоның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Өзгелердің жаңалығы