Президент: ШЫҰ-ның Энергетикалық стратегиясын келісуді ұсынамын

4 Шілде 2023, 14:17
809
Бөлісу:
Президент: ШЫҰ-ның Энергетикалық стратегиясын келісуді ұсынамын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ отырысында энергетикалық ынтымақтастықты нығайту туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгінде бұл бағыттағы өзара жүйелі іс-әрекеттерді жолға қоюдың өзектілігі артып келеді. Бізге энергетикалық тепе-теңдікті қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіру қажет. Сондай-ақ энергетиканың жаңа түрлеріне көшуге, экономика мен өнеркәсіпті көміртегінен арылтуға бағытталған келісімді іс-әрекеттер керек. Осыған байланысты келесі Астана саммитіне дейін ШЫҰ-ның Энергетикалық стратегиясын келісуді ұсынамын. Бұл құжаттың қабылдануы орнықты даму саласындағы БҰҰ Күн тәртібінің мақсаттарын жүзеге асыруға ықпал етеді. Біз аталған мәселенің аса маңызды екенін ескере отырып, Қазақстанда ШЫҰ-ның Энергетикалық форумын өткізуге дайынбыз. Бұл саладағы ынтымақтастықтың перспективаларын жан-жақты талқылау елдеріміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен теңгерімді дамуын қамтамасыз ету үшін бірлескен әдістер әзірлеуге мүмкіндік береді, - деді мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, әртүрлі елдер мен әлеуметтік топтар арасындағы «цифрлық алшақтық»  өзекті проблемаға айналып отыр. Сондықтан цифрлық теңсіздікті жоспарлы түрде азайту біздің ұйым қызметінде нақты басымдыққа айналуға тиіс.

Үндістан ШЫҰ-ға төрағалық еткен кезеңде бұл бағыттағы ынтымақтастықты дамыту үшін ауқымды жұмыс атқарды. Енді осы стратегиялық маңызды саладағы үздік тәжірибелерді алмасу ісін одан әрі жалғастырып, жолға қойылған байланыстарды сақтау және нығайту  маңызды. Былтыр Қазақстан БҰҰ-ның электронды үкіметті дамыту индексі бойынша 28-орынды иеленді. Бұл – ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы ең жоғары көрсеткіш, - деді президент.

Өзгелердің жаңалығы