Президент Швеция халқын Ұлттық мерекемен құттықтады

6 Маусым 2024, 12:01
673
Бөлісу:
Президент Швеция халқын Ұлттық мерекемен құттықтады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Швеция Короліне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев XVI Карл Густавты Швеция Корольдігінің Ұлттық күнімен құттықтады.

Біз Швециямен арадағы қалыптасқан серіктестік қатынастарды жоғары бағалаймыз әрі достас екі елдің игілігі жолындағы байланыстарды тереңдетуге ниеттіміз. Осынау айтулы мереке күні Сізге бақ-береке тілеймін және Швеция халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.

Өзгелердің жаңалығы