Президент сайлауына кандидаттар тіркелді ме? ОСК жауабы

26 Қыркүйек 2022, 14:22
1225
Бөлісу:
Президент сайлауына кандидаттар тіркелді ме? ОСК жауабы

23 қыркүйектен бастап елімізде Президент сайлауына үміткерлердің өтінішін қабылдау басталды,  деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

ОСК отырысында журналистер Парламенттік партиялардың өкілдерінен Президенттік сайлауға кандитат ретінде кімді ұсынатындарын сұрады. 

Жиындағы бүкіл партияның өкілдері Президенттікке үміткерді ұсыну үшін алдымен съез процедурасынан өту керек екенін алға тартты. Осы аптада президиум отырыстары мен съезд күнін белгілеу жоспарланып отыр.

Осы күнге дейін әлі ешбір үміткер ұсынылған жоқ. Бірде-бір қоғамдық ұйымның республикалық деңгейдегі съезі өткен жоқ, - деп мәлімдеді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.

Еске сала кетейік, бұған дейін жергілікті атқарушы органдар  сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беру жағдайын қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдайтынын жазған едік. 

Сонымен қатар  ОСК мүшесі  Шавхат Өтемісов сайлауда бірнеше партия бір адамды ұсына алатынын мәлім еткен еді.  

Өзгелердің жаңалығы