Президент сайлауы. Бүгін үміткерлер қатысқан іс-шаралар

16 Қараша 2022, 14:11
1497
Бөлісу:
Президент сайлауы. Бүгін үміткерлер қатысқан іс-шаралар
PHOTO

ҚР Президенттігіне Кандидат Мейрам Қажыкен Жамбыл политехникалық колледжінің студенттерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу сұхбат форматында өтті. Студенттер елдегі және әлемдегі қазіргі жағдай туралы үміткердің пікіріне қызығушылық танытты. Оқушылардың бірі М.Қажыкеннің бес түркі мемлекеті – Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркия одағына көзқарасын сұрады.

"Мен бұл одақты қолдаймын. Қазір әлемде 200 миллионға жуық түрік тұрады. Жақында Самарқандта түркі мемлекеттері ұйымының саммиті өтті. Қатысушылар бұл мәселені көтерді. Мен бір мемлекетке бірігуін емес, түркі халықтарының Одақ болуын қолдаймын. Бірігіп, біз өз тәуелсіздігімізді қорғай аламыз. Қазір Украинада не болып жатқанын бәріміз білеміз. Түркия президенті сыртқы қауіптер туындаған жағдайда оның елі Қазақстанға қолдау көрсететінін айтты", - деді ол.

Республикамыздың қорғаныс жағдайы туралы сұраққа жауап бере отырып, М. Қажыкен қазір Отандық қару-жарақты белсенді өндіруді бастайтын уақыт келгенін атап өтті.

Президент сайлауы. Бүгін үміткерлер қатысқан іс-шаралар

"Біз мықты болуымыз керек. Жаңа әскери доктринаны әзірлеуіміз керек, әскери дрондар сияқты техникамызды шығаруымыз керек. Бұл үшін барлық мүмкіндіктер бар. Бұрын біз Ресейден техника сатып алдық. Бірақ бізге жаңа технологиялар, заманауи қару-жарақ қажет. Бұл ұлттық қауіпсіздіктің маңызды мәселесі. Егер біз мықты болсақ, бізді құрметтейді. Солай ма?" - деп атап өтті кандидат.

Сонымен қатар, жас ұрпақ IT-саласының дамуына да қызығушылық танытты.Өйткені ол мемлекеттер арасындағы алшақтықты бұзып, үлкен мүмкіндіктер ашады.

Мейрам Қажыкен студенттермен келісетінін айтты. Ол өзінің бағдарламасында бұл бойынша тармақтың жоқтығына қарамастан, экономиканың аталған бағытын толығымен қолдайтынын айтты. IT технологиялары әр адамның өмір сүру сапасын жақсартады. "Мен пікірталаста айтқанымдай, цифрлық технологиясыз экономиканы дамыту мүмкін емес. Бұл бағытты қаржыландыру қажет. Онымен жеке бизнес айналысуы керек, ал мемлекет цифрландыруды дамытуға, жобаларды ұлғайтуға ықпал етуі тиіс", - деп қосты ол.

Президент сайлауы. Бүгін үміткерлер қатысқан іс-шаралар

Студенттер бағаның өсуі мен инфляцияға алаңдаушылық білдірді. Бұл жұмыссыздық сияқты үлкен проблемаға әкеледі.

Мейрам Қажыкеннің айтуынша, бұған азық-түлік тауарларын өндірудің және импорттың аз болуы себеп.

"Бағаның өсуіне себеп  -  бізде өндіріс әлсіз. Мысалы, бұрын оңтүстік облыстарда қант қызылшасы көп мөлшерде өндірілді. Бірақ содан кейін өндіріс төмендеді. Делдалдармен мен көтерме саудагерлер қантты қоймаларға жасырып, тапшылық пен дүрбелең тудырады. Ол кезде халық бұрынғы 300 теңгеге емес, 500-1000 теңгеге 1 келі қант сатып алуға дайын болады. Біз бәріміз киім, тамақ сатып аламыз. Оның 70 пайызы долларда импортталады. Міне, бағаның өсуі. Біз тауарлар мен қызметтерді өндіруді көтеруіміз керек, импортқа тосқауыл қоюымыз керек, тауар өндірушілерімізге көмектесуіміз керек, оларға жағдай жасауымыз керек. Содан кейін бағалар тәртіпке келеді. Ет және сүт өнімдері Ресейден солтүстік аймақтарға әкелінеді, бірақ біз мұның бәрін өзіміз жасай аламыз, мал бар, базарға – шұжық, сүзбе, қаймақ қоя аламыз. Бұл ретте біздің өнім көрші елдің нарығына шыға алмайды. Себебі біз ЕАЭО құрамындамыз". - деді ол.

Әрине, үміткер жастар саясаты тақырыбын айналып өтпеді. М. Қажыкен жас ұрпаққа барлық салалар бойынша өзін-өзі дамыту үшін бар мүмкіндіктерді ашу маңызды екенін атап өтті.

Кездесу соңында студенттер үміткердің ұсынған барлық реформалары жүзеге аса ма деп сұрады.

"Бәрі жақын арада, ертең  шешіледі деп, 30 жыл бойы бізді "ертеңмен"  сендіріп келді. Бірақ өзгеретін уақыт келді. Және ол өзгеріс орнайды", - деп қорытындылады Мейрам Қажыкен.

Қарақат Әбден отбасы және демография министрлігін құруды ұсынды 

Президенттікке кандидат Қарақат Әбден отбасы және демография министрлігін құруды ұсынды. Бұл туралы Түркістан қаласында өткен сайлауалды кездесуде белгілі болды.

Кандидат атап өткендей, қоғамдағы көп мәселелердің түп-тамыры отбасыдан тарайды. Балалардың үлгерімі, тұлға ретінде қалыптасуы, суицид, тұрмыстық зорлық-зомбылық, аналар мен қарияларға қатысты проблемалардың барлығы отбасындағы тәрбиеге барып тіреледі. Қазір отбасы мәселесі түрлі ведомстволардың арасында шашырап жүр. Оның айтуынша, отбасы мәселелерімен әлеуметтік қорғау, ағарту, ғылым және жоғары білім, денсаулық сақтау, ішкі істер министрліктері, әкімдіктер мен өзге де органдар айналысады. 

Президент сайлауы. Бүгін үміткерлер қатысқан іс-шаралар

«Отбасы және демография мәселелерімен айналысып жүрген құзыретті ведомстволардың арасында өзара байланыс жоқ. Отбасы институтын бұлайша қолдау мүмкін емес. Отбасы мен отбасы мүшелері бұл министрліктер үшін - индикатор ғана. Мысалы, жұптардың ажырасуы еш трагедия емес, базадағы жазбаның өзгеруі ғана. Меморгандардың ешқайсысы азаматтарға "отбасы", "отбасы мүшесі" деген тұтас ұғыммен қарамайды, жекелеген адам ретінде ғана қарайды. Ал бізге ең алдымен отбасы маңызды. Оның тұтастығы, бақытты болуы маңызды», - деді үндеуінде кандидат. Өз сөзінде Қ.Әбден халық санының өсуі мен берік отбасы – кез келген дамыған елдің ұмтылатын басты мақсаты екендігін жеткізіп, отбасын қолдау және нығайту — елдің табысты дамуының кепілі бола алатынын айтты.

Президент сайлауы. Бүгін үміткерлер қатысқан іс-шаралар

Бұдан бөлек, кездесу барысында сайлаушылармен өзге де өзекті әлеуметтік-қоғамдық сұрақтар талқыланды. 

Еске салсақ, елімізде 20 қараша күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Кандидат Қ.Әбден ел аймақтарын аралап, 9 облыста 30-дан астам кездесу өткізді. Алдағы уақытта ол Жамбыл облысы сайлаушыларымен жүздеседі. 

Тоқаевтың жақтастары Түркістан облысының және Шымкент қаласының сайлаушыларымен кездесті

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Түркістан облысының және Шымкент қаласының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді.

Президент сайлауы. Бүгін үміткерлер қатысқан іс-шаралар

Мәселен, Түркістанда өңір жұртшылығымен, ақсақалдармен және қоғамдық пікір көшбасшыларымен кездесу өтіп, оған 350-ге жуық адам қатысты. Кандидаттың сайлауалды бағдарламасының өңірлерді дамытуға және ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға арналған блогына ерекше назар аударылды.

Алдағы жылдардағы ел болашағын айқындайтын сайлауға бірнеше күн қалды. Оңтүстік өңірдің тұрғындары әрқашан айрықша саяси мәдениетімен ерекшеленді. Олар осы жолы да жоғары азаматтық белсенділік танытып, сайлауға барынша көптеп қатысады деген ойдамын. Бұл – еліміздің табысты дамуы үшін маңызды. Бұл – барша қазақстандықтар үшін маңызды, – деп атап өтті Республикалық қоғамдық штабтың мүшесі Елнұр Бейсенбаев.

Бұдан соң, жергілікті жылыжайлардың бірінің алаңында РҚШ мүшелері шаруалар мен ауыл жастарына сайлауалды бағдарламада көрініс тапқан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру шараларын түсіндірді. 

Осы күні штаб мүшелері салынып жатқан Мұз сарайына барып, құрылысшылармен әңгімелесті. 100-ден астам адам қатысқан кездесу барысында РҚШ мүшелері кандидаттың еңбек адамын қолдау жөніндегі басымдықтарына назар аударды.

Президент сайлауы. Бүгін үміткерлер қатысқан іс-шаралар

Шымкентте ақсақалдармен, зиялы қауым өкілдерімен және белгілі қоғам қайраткерлерімен болған кездесуде кандидаттың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» деп аталатын сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары талқыланды.

Жас ғалымдармен және өнертапқыштармен әңгімелесу барысында Тоқаевтың жақтастары ғылымды қолдау мәселесін қозғады. Бұдан соң, штаб мүшелері «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы кәсіпорындарының қызметкерлерімен кездесіп, жиналғандардың назарын ШОБ-ты қолдау және Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан жұмысшының еңбек құқықтарын қорғау мәселелеріне аударды.

Жигули Дайрабаев: «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының аясын кеңейтіп, ауылдан шыққан жастарға қолдау көрсетуіміз тиіс

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев үгіт-насихат жұмыстарын Батыс Қазақстан облысында жалғастыруда. Өңірге арнайы келген кандидат Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде кездесу өткізді. Жиынға универсеттің басшылары мен оқытушуылық құрамы, студенттер, жоо белсенділері қатысты. Кездесу барысында оқу ордасында білім алған мамандардың жұмыспен қамтамасыз етілуі талқыға салынды.

Президент сайлауы. Бүгін үміткерлер қатысқан іс-шаралар

Иә, расында, ауылдық жерлер мен қаланың даму деңгейінде айырмашылық бары жасырын емес. Осыны анық аңғарып, көріп жүрген жастар оқу бітірген бойда алдымен қалада қызметін бастап, сол жерде тұрақтап қалуды көздейді. Бірақ өзіміз айтқандай, ауылдарды дамыту мемлекеттің басты бағыттарының біріне айналып отыр. Осы ретте «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасына өзгерістер енгізу қажет деп санаймын, – деп атап өтті Жигули Дайрабаев.

Кандидат ауылдан шыққан жастар, қайта ауылға оралып, өз туған жерінің дамуына үлес қосуы қажет дейді. Ол үшін оларға барлық жағдай жасалуы тиіс. Ауылдық елді мекендердегі білікті маман тапшылығының орнын толтырудың бірден-бір жолы осы. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастырған жөн.

Еліміздегі ауыл шаруашылығы бағытындағы университеттердің түлектері неге мамандық бойынша жұмыс істеуге бармайды? Біріншіден, саладағы жалақының төмендігіне байланысты. Екіншіден, ауылдағы тұрмыстық жағдайдың қиындығы, көптеген ауылдарда қарапайым суық су, интернет жоқ, жолдар өте нашар. Үшіншіден, балаларға арналған дамыту орталықтарының жоқтығы. Сондықтан «Ауыл» партиясы ұсынып отырғандай, ауыл және ауыл шаруашылығы мәселелерін бірлесіп шешу қажет, – деген пікірде Жигули Дайрабаев.

Қандидат Жигули Дайрабаев «Жайық Ет» кәсіпорнына барып, еңбек ұжымымен кездесті. Бүгінде заманауи ет өңдеу кешені 8 мың тонна өнім шығарады. Кәсіпорын өндіріс көлемін арттыруға ниетті. Алайда зауыт басшылығының айтуынша, несие алу бойынша қиындықтар туындап отыр.

Президент сайлауы. Бүгін үміткерлер қатысқан іс-шаралар

Осы ретте Жигули Дайрабаев агробизнес құрғысы және аграрлық саланы нығайтқысы келетіндер үшін пайызсыз несие беретін арнайы агробанк құруды ұсынғанын атап өтті.

Пайызсыз несие қожалықтар мен фермерлік шаруашылықтарға, жеке кәсіпкерлерге, ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін ашу мен жеке бизнесті кеңейтуге берілуі тиіс. Мен бұл өзекті мәселеге өзімнің сайлауалды бағдарламамда да тоқталдым. Біз ауыл шаруашылығы саласын дамытуға ниетті болсақ, осы бағытта еңбек етіп жүрген азаматтарымызды қолдауымыз керек, – деді Жигули Дайрабаев. 

 

Өзгелердің жаңалығы