Президент сайлауы – 2019. Бұрынғы сайлаулардан бұл сайлаудың жөні бөлек

9 Сәуір 2019, 18:46
2762
Бөлісу:
Президент сайлауы – 2019. Бұрынғы сайлаулардан бұл сайлаудың жөні бөлек

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Тезірек Мемлекет басшысын сайлап алып, ары қарайғы даму бағдарламаларымызды жасау керек. Бұл туралы ақын Ғалым Жайлыбай пікір білдіру кезінде айтты. 

Оның айтуынша, қазір әлемде тыныштық орнамай тұр, сондықтан президент сайлауы туралы үндеу дер уақытында қабылданған шешім болды. 

«Осындай алмағайып уақытта уақытша дүниелермен отыруға болмайды. Қазақ деген халық тілек тілегенде сауатсыз болса да батасына, тілегіне «ел аман, жұрт тыныш болсын» деген тілек тілеп өткен. Біз үшін одан үлкен тілек жоқ. Әлемде ақыл-ой аламаны басталды. Әр ұлт, әр мемлекет жанталасып қоғамда әлемдік үлкен айдында өз кемесінің, қайығының дұрыс бағытта жүруін тілейтін уақыт болды. Маған бүгінгі үндеуде ең ұнағаны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаудың адалдығына кепілдік беремін деп айтты. Әр отбасы - кішкентай отан, үлкен отанымызды дұрыс адам басқарғанын жұрттың аман болғанын қаламайтын ұлт жоқ. Алдағы сайлаулардан бұл жолғы сайлаудың жөні бөлек. Тезірек Мемлекет басшысын сайлап алып, ары қарай бағдарламаларымызды жасау керек”,-деді ақын.

Еске салсақ, бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жасап, 9 масым күні кезектен тыс президент сайлауы өтетіндігін мәлімдеген болатын.

Өзгелердің жаңалығы