Президент сайлауы – 2019. "Болашақ" түлектері кімді таңдайтынын айтты

26 Сәуір 2019, 11:59
2203
Бөлісу:
Президент сайлауы – 2019. "Болашақ" түлектері кімді таңдайтынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Bolashaq» қауымдастығы Nur Otan партиясынан Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсыну туралы шешімді бірауыздан толық қолдайды. 

Тәуелсіздігімізге қол жеткізген шақта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1993 жылы «Болашақ» Халықаралық стипендиясын құру туралы жауапты шешімін қабылдауға бел буды, аталмыш жоба бәсекелестікке қабілетті ұлтты қалыптастыруға бағытталған ең маңызды жобалардың бiрiне айналды. 

2001 жылы «Болашақ» стипендиясы түлектерінің Қауымдастығы құрылды. 

"Қауымдастық – тұрақты даму саясатын жүзеге асыруға, қызметкерлердің сабақтастығын қамтамасыз етуге, жаңашылдық жолымен өткеннің дәстүрлерін сақтап қалуға біріккен мүдделес азаматтар қоғамы. Қауымдастықтың басты мақсаттарының бірі - Отанымыздың экономикалық, әлеуметтік және саяси дамуына үлес қосу. Бұл өз кезегінде «Nur Otan» партиясының мақсаттарымен тұспа-тұс келеді. Біздің еліміз, әсіресе жастар қауымы, бүгінгі күні жаһандық үдерістерге қатысу үшін біздің мемлекетіміз ішкі тұрақтылыққа мұқтаж екенін түсінеді. Қазақстанның ішкі саясатын талдай отырып, онымен қоса бекітілген ел дамуының стратегиялық бағытын ескере отырып, «Nur Otan» партиясынан үміткерлікке ұсынылып отырған кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың көпвекторлы саясаты мемлекетіміздің белгілеген алға даму саясатымен сабақтас болып, сондайақ еліміздің экономикасын жан-жақты дамыту, біздің республикамыздың халықаралық мәртебесін нығайту саясатын қолдайды деп есептейміз", - делінген "болашақтықтардың" мәлімдемесінде.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 30 жыл бойы барлық жағдайларда мемлекеттік даналық пен стратегиялық айқындық танытып келді. 

"Сондықтан Партиядан үміткерді таңдау болашаққа деген көрегендік болып ғана қоймай, біздің елімізге Елбасымызбен бағытталып көрсеткен саясатының жалғасуына ықпал етеді. Қазақстандағы саяси жағдай тұрақтылықтың, конфессияаралық келісімінің, елдің барлық азаматтарының мүддесі үшін демократия мен мемлекеттік институттардың дамуының бірегей үлгісін бүкіл жаһанға көрсетеді. Қазақстанның тұрақты саяси дамуы әлемдік қоғамдастық үшін теңгерімді бастамалардың көзі ретінде елдің дамуында маңызды рөл атқара алады және атқаруы тиіс. Бүгінде біз ішкі және сыртқы саясатымыздың сабақтастығын, тұрақтылығын растауымыз керек", - дейді қауымдастық мүшелері.

Елімізде әлеуметтік және саяси үйлесімділікті қолдау мақсатында мемлекеттік стратегияларын және әлеуметтік бағдарламаларын табысты іске асыруды жалғастыру қажет. 

"Сайлау біздің еліміздің дамуына, геосаяси және экономикалық тұрақсыздықтың жағымсыз әсерін болдырмауға, халықтың бірлігін нығайтуға мүмкіндік береді деп сенеміз. Олай болса, сайлауды ағымдағы жылда өткізу тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі үшін алдымызға қойып отырған мемлекеттік бағыттың шешуші жалғасы болып табылады. Біздің таңдауымыз отансүйгіштіктің, мемлекеттің және қоғамның болашағы үшін жоғары азаматтықтың және жауапкершіліктің үлгісі болуы тиіс!", - дейді олар.

Өзгелердің жаңалығы