Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Президент сайлауын өткізу дер кезінде қабылданған шешім, оны жазушылар қолдаймыз. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар басқарамасы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып пікір білдіру кезінде айтты.
“Бүгін 9 сәуір сағат 13.00 Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халқымызға үндеу жариялады. Біздің қаламгерлер қауымы ынта қойып тыңдады, танысты. Жаңа ғана хатшылықтың мәжілісінде де осы шешімді қолдайтындығымызды білдірдік. Ертең сағат 11.00 белгілі қаламгерлерді жинап Жазушылар одағында жиын өткізейік деп отырмыз”, -дейді ол.
Сонымен қатар ол, Президент үндеуде “Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді”, деген сөзді ерекше астын сызып айтқанын жеткізді.
“Мұндай кездерде елдің бірлігіне сызат түспеуі керек. Қазір Қазақ еліне бүкіл әлемнің назары ауып тұрған кез, Президенттің өкілеттілігі 19 наурызда тоқтатылып, Қасым-Жомарт Тоқаев президент ретінде тағайындалған болатын. Енді бүкілқалықтық сайлау арқылы президент сайланады, сондықтан оны созбай биыл 9 маусымға қойғанын біз қолдаймыз. Конститутция бойынша сайлаудың өтетіні екі ай бұрын жариялануы керек. Үндеуде айтылған тағы бір мәселе, сырттан көзалартып отырған және ішімізде де түрлі топтардың бар екендігі. Дегемен еліміз өзінің бірлігін көрсетіп осы сайлауды таза өтуіне атсалысады деге ойдамын”,-деді ақын Б.Жақып.