Президент саяси партиялардың шынайы бәсекелестігін орнатуда үлкен қадам жасады - Бейсенбаев

26 Сәуір 2022, 19:35
1349
Бөлісу:
Президент саяси партиялардың шынайы бәсекелестігін орнатуда үлкен қадам жасады - Бейсенбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев мәлімдеді. 

AMANAT партиясының кезекті съезінде басты 3 жаңалықты атап өту қажет. Біріншісі, Adal партиясының Amanat-қа қосылуы. Бұл Amanat партиясына деген өзге саяси институттардың сенімінің бар екенін және олардың сайлаушыларға берген уәделерін Amanat партияcының қатарында орындалу мүмкіндігі жоғары екенінің белгісі. Екіншісі, партия төрағалығынан  Президенттің өз еркімен кетуі. Бұл – Мемлекет басшысының жыл басында айтылған сөздерінің іс жүзінде орындалуы. Яғни уәдеге беріктік. Жаңа Қазақстан, саяси партиялардың шынайы бәсекелестігін орнату мақсатындағы жасалған үлкен қадамдардың бірі деп есептеймін, - деп атап өтті депутат. 

Сондай-ақ ол бұл партия мүшелеріне, партия басшылығындағы азаматтарға үлкен «қоңырау» деп санайды. Яғни Президент айтқанын орындады, сіздер де халықтың алдында берген уәделеріңізді халықтың алдында міндетті түрде орындаңыздар деген белгі. 

Енді әкімшілік-ресурстық мүмкіндіксіз Amanat партиясы өзінің шынайы белсенді партия екенін, халықтың партиясы екенін іс жүзінде көрсетуі қажет болады. Ал үшінші мәселе, Amanat партиясының төрағасы болып қазіргі фракция басшысының сайлануы фракция мен Amanat партиясының бірегей жұмыс істеуінің бірден-бір белгісі және партияның күшеюіне алып келетін жақсы қадамдардың бірі. Мәжіліс төрағасының партия басшысы болып сайлануы – Мәжілістің қоғамдық-саяси мәселедегі алатын рөлі мен орнының күшейгендігінің белгісі деп есептеймін, - деді мәжілісмен.

Өзгелердің жаңалығы