Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шәукенова ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел Президенті ретіндегі алғашқы сапары неге Ресейден басталғаны туралы пікір білдірді.
Оның пайымдауынша, бұл сапар – "Қазақстан-Ресей қатынастары архитектурасының беріктігін" танытады.Сарапшылар өздерінің пікірлерінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірінші шетелдік сапарын дәстүрлі деп атап, оның Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың басымдылығын көрсететініне сенім білдірді.
Сапар бағдарламасының басты бағыты – Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен келіссөздер. Бұл кездесу Қасым-Жомарт Тоқаев үшін Президент ретінде алғашқы кездесу, алайда ол бұрын Владимир Путинмен бірнеше рет кездескен.
Қазақстан Республикасының бірінші Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев біздің елдеріміздің арасындағы қарым-қатынастар әрдайым үлгілі болатынын арнайы атап өтетін.
«Мемлекет басшысы ретінде менің міндетім - Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин негізін қалаған елдеріміз арасындағы ынтымақтастығымыздың дамуына қосымша серпін беру», - деп атап өткен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынастар жақсы тату көршілік қағидаттарына негізделген және 1992 жылы қол қойылған Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа негізделген. Тәуелсіздік кезеңінде мемлекеттер бұрынғы сауда-өндірістік байланыстарды сақтап, сыртқы саяси ұстанымдарды үйлестіре алды. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әртүрлі экономикалық және әскери-саяси платформаларда (ЕАЭО, ҰҚШҰ, ШЫҰ) көпформатты өзара әрекеттесу құрылымын құрды, бұл біздің елдерімізге халықаралық қатынастарға жаңа көзқарастар енгізіп, өз үлесін қосуға мүмкіндік берді. Ресей Федерациясы сияқты өзінің одақтасының қолдауымен Қазақстан ЕҚЫҰ төрағалығынан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағалығына дейінгі сыртқы саяси дамудың сатыларынан өтті.
Қазақстан мен Ресей арасындағы қауіпсіздік пен бітімгершілік саласындағы ынтымақтастық екі жақты және көп жақты форматтағы елдер арасындағы қатынастарды дамытудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Көршілестік және географиялық жақындық факторлары негізіндегі тарихи байланыстар одақтық қатынастардың қалыптасуынан және туындап отырған халықаралық қиындықтар және дағдарыстарды шешуде бірлескен күш-жігерді қалыптастыруда тікелей көрініс берді. Бүгінгі таңда Еуразияда салынып жатқан қауіпсіздіктің архитектурасын олардың институционализациясына тікелей бастамашы болған Ресей мен Қазақстанның қатысуынсыз елестету қиын.
Қазақстан мен Ресей арасындағы тиімді ынтымақтастық Сириядағы қақтығысты шешу үшін Астана үдерісін бастауға мүмкіндік берді. Ядролық қауіпсіздік және қарусыздану - Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастықтың тағы бір маңызды бағыты болып табылады. Ресей біздің еліміздің Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ құру жөніндегі күш-жігерін қолдады.
27 жылдық достық пен өзара сенім, одақтастық қатынастар және еуразиялық континенттегі қауіпсіздік мәселелері бойынша жалпы көзқарастарды дамыту - Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығы осындай. Қазақстан мен Ресей өзара ынтымақтастықты дамытуы қажет, өйткені тек жауапкершілік пен күш-жігер арқылы біз өзімізге қойған мақсаттарға қол жеткізе аламыз.
Ең бастысы, біздің мемлекеттер Кеден одағынан ЕАЭО-ның ортақ кеңістігіне дейінгі үлкен жолды өтіп, интеграциялық тректі белсенді түрде дамытады. Шекара бойындағы ынтымақтастық дамып келеді, оған жалпы тауар айналымының 40% тиесілі болып отыр. Ғылым мен білім беру саласындағы ынтымақтастық өсуде.
Әріптестік жылдары ішінде әртүрлі позициялар мен пікірталас сәттері болды, бірақ жанжал жағдайын туындатпай, пайда болған мәселелерді шешу үшін осы тату көршілік қатынастар қалыптасты. Сондықтан, Нұрсұлтан Назарбаев айтқан Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастардың жоғары стандарттары достық ел, оның көшбасшысы, ресейлік серіктестер алдындағы дипломатиялық сыпайылық емес, ол осы қатынастардың құрастырушыларының бірінің екіжақты күн тәртібіне қатысты көзқарасы.
Бүгінгі Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының күн тәртібінде екі мемлекет басшыларының кездесуі саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ қазіргі аймақтық және халықаралық тақырыптардың маңызды мәселелерінен құралатыны қуанышты жайт. Бұл, өз кезегінде, Қазақстан мен оның Президентінің тұрақты бағытының куәсі.