Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек хабарлады.
Ол өңірлік филиалдармен жергілікті жерлерде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың таяуда Мәжілісте қойған міндеттерді орындауды қолдауды қамтамасыз ету жөнінде жиналыс өткізді.
Біз үшін қазір елдігімізді сақтау, барды ұқсату аса маңызды. «Nur Otan» партиясы – Президент жариялаған реформаларды толық және сапалы жүзеге асыруға әлеуеті толық жететін бірден-бір қоғамдық-саяси күш. Партиямыз Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді орындау үшін бар күш-жігерін – қоғамдық ұйымдарды, депутаттық фракцияларды, түрлі қызметте жүрген 800 мыңға тарта барлық мүшесін ортақ мақсатқа жұмылдыруға дайын, – деп түйіндеді Бауыржан Байбек.
Тәжірибе мен мүмкіндіктері мол екендігін алға тартқан ол Президент бастамаларын қолдап, берілген тапсырмалардың жергілікті жерлерде толыққанды орындалуына көмектесеміз деп отыр. Әрі әлеуметтік-экономикалық саладағы нақты міндеттерді орындауда бүкіл ресурстарды іске қосқан.
Еліміз осы күндері ауыр сынақты бастан өткерді. Сын сағатта Мемлекет басшысының батыл шешімдер қабылдауының және халқымыздың даналығы мен сабырлығының арқасында қасіретті қаңтар оқиғаларынан өттік. Еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін сақтап қалдық. Қираған дүние түзелер, өртенген ғимараттар қалпына келер, бірақ жүрегімізге түскен сызат ешқашан өшпейді, – деді төрағаның бірінші орынбасары.