Президент қоғамда талқыланған барлық мәселелерді ашық айтты – депутат

18 Ақпан 2022, 15:01
1306
Бөлісу:
Президент қоғамда талқыланған барлық мәселелерді ашық айтты – депутат

Алматы, BAQ.KZ. Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сұхбат беріп, қоғамда талқыланған барлық мәселелер бойынша ашық айтты. Бұл туралы ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы facebook-тегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, Президент сұхбат барысында қайғылы қаңтар оқиғасының себеп-салдары, алдағы саяси-әлеуметтік реформалар туралы сұрақтарға жауап берді.

Бүгін 1 наурызда кезектен тыс XXII съезді шақыру туралы шешім қабылдады. Менің ойымша, съезде алдағы саяси реформалардың нақты тетіктерін және тығырықтан шығатын жолымызды айқындап алады деп ойлаймын. Онымен қоса, елдегі түрлі сын-қатерлерге байланысты партияның атынан бастап идеологиясына дейін толық жаңғыртып, трансформациялау мәселелерін қарастырады деген сенімдемін, – деп жазды Берік Әбдіғалиұлы.

Айта кетсек, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат беріп, көпшілікті алаңдатып жүрген сұрақтарға жауап берген еді.
 

Өзгелердің жаңалығы