Президент «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдады

24 Ақпан 2022, 20:39
1345
Бөлісу:
Президент «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысына Қазақстанның телекоммуникация саласының қазіргі ахуалы, оның мобильді сегментінің дамуы, халық пен бизнеске көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту және оның аясын кеңейту жұмыстары туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 5G желісін енгізудің және цифрлық теңсіздікті одан әрі төмендетудің перспективалары туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ Қуанышбек Есекеев Президентке 2018-2020 жылдары ауылдық жерлерде салынған оптикалық-талшықты магистраль базасында жергілікті желілерді салу бойынша жобаларды жүзеге асыру туралы айтты. «Цифрлық серіктес» бағдарламасы аясында жоғары жылдамдықты интернетті әрбір үйге жеткізу жобасына жеке сервистік компаниялар қосылған.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы компанияның 2300 МГц диапазонындағы FWA (Fixed Wireless Access, тіркелген сымсыз байланыс) озық технологиясын пайдалану жөніндегі жоспарымен танысты.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздікті төмендету жөніндегі қазіргі қызметіне, сондай-ақ ұлттық телеком-оператордың перспективасы бар  жобаларына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Өзгелердің жаңалығы