Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Президент Қазақстанның Халық Кеңесін құруды ұсынды

Олжас АДАЙ
Бүгiн, 13:35
124
Бөлісу:
 Ақорда
Фото: Ақорда

Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде қоғамдық дамудың барлық мәселелері бойынша тұрақты жалпыұлттық диалог жүргізуге арналған жаңа институт құруды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Президенттің айтуынша, реформалардың жаңа кезеңінде Қазақстанға кең ауқымды қоғамдық-саяси пікір алмасу үшін ортақ платформа қажет. Бұл алаң халықтың бірлігі мен ынтымағын нығайтуға үлес қосып жүрген негізгі қоғамдық-саяси бірлестіктер мен құрылымдарды біріктіреді.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың тарихи маңызы бар миссиялары іс жүзінде табысты аяқталғанын атап өтті.

Жаңа институт ретінде Қазақстанның Халық Кеңесін құруды ұсынамын. Жаңа органның қызметінде Ассамблея мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық сабақтастығын сақтау, яғни қазақ мемлекеттілігін және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін жүйелі түрде нығайту айрықша маңызды, – дейді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, Халық Кеңесі өз мәні жағынан өзге елдердегі консультативтік құрылымдардың тәжірибесін бойына сіңірген жаңа мемлекеттік орган болмақ. Кеңесте барлық этностар, халықтың түрлі әлеуметтік топтары мен өңірлер өкілдікке ие болады.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Халық Кеңесі елдегі жоғары консультативтік орган мәртебесіне ие болатынын айтты. Кеңес құрамын 126 адамнан қалыптастыру ұсынылады. Оның ішінде 42 адам этномәдени бірлестіктерден, 42 адам ірі қоғамдық ұйымдардан, тағы 42 адам мәслихаттар мен өңірлік қоғамдық кеңестерден ұсынылады.

Президенттің мәлімдеуінше, Халық Кеңесінің барлық мүшесін Мемлекет басшысы тағайындайды, ал Кеңес төрағасы оның мүшелері тарапынан сайланады. Төрағаның екі орынбасары ротациялық негізде қоғамдық бастамамен тағайындалады, сондай-ақ хатшылық басшысы болады.

Өзгелердің жаңалығы