Президент қазақстандық боксшыларды құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырханды бокстан Әлем чемпионы атануымен, сондай-ақ Назым Қызайбайды күміс жүлде, Виктория Графеева мен Елдана Тәліпованы қола жүлде иеленуімен құттықтады, - делінген хабарламада.
Президент спортшыларымыздың алдағы финалдық жекпе-жектеріне сәттілік тіледі.
Еске салайық, қазақстандық боксшылар Ливерпульде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында топ жарды. Санжар Тәшкенбай Әлем біріншілігінің чемпионы атанса, Назым Қызайбай күміс жүлдегер атанды.