Президент: Қазақстанды жетекші академиялық және ғылыми-зерттеу орталығына айналдыру – стратегиялық басымдық

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Германияның білім беру саласындағы табысты ынтымақтастығына тоқталды.

 Ақорда 30 Қыркүйек 2026, 00:53
30 Қыркүйек 2026, 00:53
111
Фото: Ақорда

 

Оның айтуынша, бұл жетістіктерге Президент Франк-Вальтер Штайнмайердің 2023 жылғы маусымдағы сапарынан бастау алған саяси диалогтың нығаюы ықпал етті.

Бүгінде Қазақстанның 45 университеті Германиядағы 100-ге жуық серіктеспен ынтымақтастық орнатқан. Екі мыңға жуық қазақстандық студент Германияда білім алады. Қазіргі кезде елімізде шетелдік университеттердің 30-дан астам филиалы мен серіктес өкілдігі бар. Бұл көрсеткіштер көп нәрсені аңғартады. Дегенмен олар ынтымақтастығымыздың қаншалықты терең екенін толық көрсетпейді. Ең бастысы, қолға алған ісіміз өте маңызды. Яғни ықпалдастығымыздың мазмұны түбегейлі өзгерді, – деді Президент.

Мемлекет басшысы елімізді Еуразия мен одан тысқары жерлердегі жетекші академиялық және ғылыми-зерттеу орталығы ретінде қалыптастыру стратегиялық басымдық ретінде айқындалғанын айтты.

Біз дәстүрлі қалыпты өзгертіп жатырмыз. Жастарды шетелге білім алуға жіберудің орнына Қазақстанға озық халықаралық жоғары оқу орындарының стандарттары мен бағыттарын әкелуге кірістік. Елімізде Кардифф университетінің, KAIST және Колорадо тау-кен мектебінің өкілдіктері жұмыс істейді. Қазір елімізде 40 мыңнан астам шетелдік студент білім алады. 2029 жылға қарай олардың санын 100 мыңға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Қазақстан Болон процесіне мүше ел ретінде білім беру сапасы мен ғылыми дәрежелердің сәйкестігін қамтамасыз ететін еуропалық стандарттарды қолданады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 
 
Наверх