Мемлекет басшысы Малайзияның Жоғарғы билеушісіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Малайзияның Тәуелсіздік күніне орай Мемлекет басшысы – Малайзияның Жоғарғы билеушісі Сұлтан II Абдулланы құттықтады.
Қазақстан мен Малайзияны түрлі саладағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған берік серіктестік қатынастар байланыстырады. Екі елдің мүддесін көздейтін көпжақты іс-әрекеттерімізді нығайту үшін жаңа мүмкіндіктерді бірлесіп пайдалануға дайын екенімді білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы билеушінің барлық игі бастамаларына табыс, ал достас Малайзия халқына бақ-береке тіледі.