Президент қай БАҚ өкілдерін мемлекеттік наградалармен марапаттады?
Президент қай БАҚ өкілдерін мемлекеттік наградалармен марапаттады?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық журналистика саласының дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық журналистика саласының дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының 2025 жылғы 24 маусымдағы №226 өкіміменҚазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы төмендегі журналистика саласының қызметкерлеріне табысталды:
1. «Egemen Qazaqstan» газеті бас редакторының орынбасары – Талғат Садықұлы Батырханға;
2. «АЙҚЫН-ЛИТЕР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры – Талғат Ешенұлы Қырықбаевқа;
3. «Казахстанская правда» газетінің бөлім редакторы – Юлия Дмитриевна Магерге;
4. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының шеф-редакторы – Армангүл Тоқтамұратқа берілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы гранты:
Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы Алғысы:
1. «Ana tili» газетінің шығармашылық ұжымына;
2. «BALAPAN» телеарнасының шығармашылық ұжымына;
3. «Soltustik Qazaqstan» газетінің шығармашылық ұжымына;
4. «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамының ұжымына жарияланды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Президент, журналистер қауымын алдағы Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күнімен құттықтап, ұлттық медиа – халықтың үні, ал журналист жасампаздық жаршысы екенін атап өтті.