Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады

24 Қыркүйек 2024, 12:01
853
Бөлісу:
Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесуде Мемлекет басшысына Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспардың жүзеге асырылу барысы баяндалды.

Жанат Элиманов Заңсыз кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық жүйенің FATF ұсынымдарына сәйкестендірілгенін айтты, - делінген хабарламада.

Президент Агенттіктің жаңадан тағайындалған төрағасына көлеңкелі экономика деңгейін төмендетуге және қаржы саласының ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Өзгелердің жаңалығы