Президенттің облыс әкіміне берген сөгісі жылыту маусымына дайындық жұмыстарына тиісінше бақылау жасамағаны үшін болып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбуктегі парақшасында жазды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жылыту маусымына дайындық жұмыстарына тиісінше бақылау жасамағаны үшін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа сөгіс берді, - делінген хабарламада.