Президент пойызда сарбазды ұрған қаскөйлерді тауып, жауапқа тартуды тапсырды

24 Қыркүйек 2024, 20:50
763
Бөлісу:
Президент пойызда сарбазды ұрған қаскөйлерді тауып, жауапқа тартуды тапсырды
Фото: BAQ.KZ -архив

Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президент белгісіз адамдардың Ұлттық ұлан сарбазын пойыз тамбурында ұрғаны таспаланған бейнематериалмен танысып шықты. Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке қаскөйлерді ұстап, заңнамаға сәйкес жауапқа тарту үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Әскердегі және басқа да күштік ұйымдардағы зорлық-зомбылықтың барлық фактісі Президентке баяндалады. Мұндай жағдайлар бақылауға алынады. Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында жас сарбаздардың денсаулығы мен абырой-беделіне қол сұғуға жол бермеу қажет екеніне назар аударған еді. Сонымен қатар бұл мәселеге әскери құрылымдардың басшылары тікелей жауапты екенін айтқан болатын, - делінген жазбада.

Өзгелердің жаңалығы