Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең, 27 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тарихта алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Орталық Азия – Үндістан» атты саммитке қатысады.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.
Жиынға Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди бастамашы болды. Іс-шара онлайн форматта өтеді.
Көшбасшылар Орталық Азия елдері мен Үндістан арасындағы түрлі салалар бойынша ынтымақтастықты нығайтудың және кеңейтудің перспективаларын талқылайды.
Жиын қорытындысы бойынша «Орталық Азия – Үндістан» атты бірінші саммиттің Декларациясы қабылданады деп күтілуде.