- Мұқаба
- Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы ел дамуына сүбелі үлес қосқан әйелдерді марапаттады
Мемлекет басшысы ел дамуына сүбелі үлес қосқан әйелдерді марапаттады
Марапаттау рәсімі Ақордада өтті.
Кеше 2026, 16:14
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бір топ қыз-келіншек мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бір топ қыз-келіншек наградталды:
I дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен
Ыдырысова Шакира Нұржұманқызы – «Ыдырысова Ш.» ШҚ басшысы, Жетісу облысы;
IІІ дәрежелі «Барыс» орденімен
Еспаева Дания Мәдиқызы – Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары;
Бауыржан Момышұлы атындағы ІI дәрежелі «Айбын» орденімен
Өмірзақова Аягүл Оңталапқызы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі
Райымқұлова Әйгерім Маралқызы – Төтенше жағдайлар министрлігінің басқарма бастығы;
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілсін
Перепечина Ольга Валентиновна – Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары
Имашева Снежанна Валерьевна – Парламент Мәжілісінің депутаты
Аманбай Ғазиза Абдықалыққызы – «І. Есенберлин атындағы № 25 гимназия» КММ директоры, Алматы қаласы
Бабашева Мәнсия Нұрғалиқызы – «Timal Consulting Group» ЖШС директорының орынбасары, Атырау облысы
Исаева Маржан Таупыққызы – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі ансамблінің солисі
Қанатқызы Риза – «Астана Балет» театры» ЖШС балетінің бірінші солисі, Астана қаласы
Жұмағалиева Гүлсәнім Орынғалиқызы – Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштері «Айбын» президенттік полкі Президенттік оркестрінің маманы
Өмірзақова Гаухар Алтынбекқызы – «AlmaTime» тобының солисі, Алматы қаласы
Смышляева Екатерина Васильевна – Парламент Мәжілісінің депутаты
Өскембаева Жұлдыз Серікқызы – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласы полиция департаменті ансамблінің солисі;
«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы берілсін
Белоусова Татьяна Геннадьевна – «№ 95 мектеп-лицей» КММ химия пәнінің мұғалімі, Алматы қаласы
Смирнова Ирина Владимировна – Парламент Мәжілісінің депутаты;
«Парасат» орденімен
Абдуллина Карина Абрековна – әнші, Алматы қаласы
Әлпейісова Қамал Әбілқасымқызы – жазушы, Астана қаласы
Шумекова Кристина Русланқызы – Туризм және спорт министрлігінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК спортшысы
Батыршева Рухия Махмұтқызы – «Абыл Тарақұлы атындағы балалар өнер мектебі» МКҚК мүғалімі, Ақтау қаласы
Ысқақова Жеңіс Ермағанбетқызы – эстрада әншісі, Алматы қаласы
Смағұлова Зәуреш Қадырбекқызы – «Астана медицина университеті» КеАҚ Респираторлық медицина ғылыми-зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері;
«Ел бірлігі» орденімен
Усанова Руфина Касымовна – «Тугантель» облыстық татар мәдени орталығының төрағасы, Алматы облысы;
«Құрмет» орденімен
Әлиайдар Гүлжан Әлиайдарқызы – «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК бөлімше меңгерушісі
Арғынбекова Айнұр Серікпайқызы – Парламент Сенатының депутаты
Ахметжанова Зәйтуна Ғалиқызы – «Қазпошта» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының Шалқар аудандық пошта байланысы торабы жеткізу қызметінің сұрыптаушысы, Ақтөбе облысы
Қалиева Айсұлу Қажымұратқызы – Мемлекеттік күзет қызметінің бас инспекторы
Васильева Надежда Владимировна – Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Казталов ауданының 2-ауруханасы» МКК директоры
Дүзбаева Зоя Жұмағалиқызы – «Алтай ауданы «Горняк» мәдени-демалыс орталығы» КМҚК «Зыряночка» үлгілі би ансамблінің жетекшісі, Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласы
Жүсіпбекова Гүлмира Қоқанқызы – Жоғарғы Соттың судьясы
Зейнелова Мария Александровна – еңбек ардагері, Астана қаласы
Казакова Светлана Михайловна – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» РМК слесарі
Кармен Зарина Мұхтарқызы – «Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры» РМҚК әртісі, Алматы қаласы
Қасымова Салтанат Амангелдіқызы – Мемлекеттік күзет қызметі департамент бастығының орынбасары
Левкович Жанна Юрьевна – «А. Текенов атындағы № 2 орта білім беретін мектеп» КММ қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі, Павлодар облысының Тереңкөл ауданы
Намазбаева Инара Әбдіғаппарқызы – «Қуаныш» ЖШС директоры, Түркістан қаласы
Көшенова Шолпан Рудақызы – Бас прокуратура департамент бастығының орынбасары
Смағұлова Райхан Темірбайқызы – «Ақерке» балабақшасы» КМҚК директоры, Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданы
Соловьёва Ирина Анатольевна – «Семей қаласындағы Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейі» КМҚК директоры, Абай облысы
Төребаева Гүлсімжан Орынбасарқызы – «Астана медицина университеті» КеАҚ бас маманы
Тұяқова Сәлима Тоқтасынқызы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ қызмет жетекшісі
Чалова Лэйла Рашидовна – «Health and Science Center» жеке клиникасының бас дәрігері, Астана қаласы
Шуақбаева Айсұлу Қошмаққызы – «Өзенмұнайгаз» АҚ № 4 мұнай және газ өндіру басқармасының машинисі, Маңғыстау облысы
Шолтанова Зәрипа Есенбайқызы – «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» МКҚК басшысы, Маңғыстау облысы;
III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен
Алтаева Гүлдариха Өтелбайқызы – «Алтай жер» ШҚ механикаландырылған тоқ меңгерушісі, Қостанай облысының Арқалық қаласы
Бескемпірова Айбарша Жолдасқызы – «Үштөбе-Айдын» ЖШС құрылтайшысы, Жетісу облысының Қаратал ауданы
Ісбасарова Қаншыкүл Тілеубайқызы – «№ 7 үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ әлеуметтік қызметкері, Шымкент қаласы
Мұхамеджанова Зәуре Есләмқызы – «ЗИКСТО» ЖШС сылақшысы, Петропавл қаласы
Сабырова Тамара Мағзомқызы – «Ембімұнайгаз» АҚ мұнай және газ өндіру жөніндегі операторы, Атырау облысының Исатай ауданы;
«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен
Липатова Оксана Владимировна – Ішкі істер министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің аға тергеушісі
Айтмырзаева Роза Сатыбалдықызы – Қорғаныс министрлігі 32363 әскери бөлімінің бөлімше командирі
Сағадат Жаңылсын Дәуренқызы – Ішкі істер министрлігі Павлодар облысы Полиция департаментінің аға тергеушісі;
«Ерен еңбегі үшін» медалімен
Сузуки Канон – «Астана Балет» театры» ЖШС балет әртісі – бірінші балет солисі
Исмағамбетова Қарлығаш Ермекқызы – «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК қызмет басшысы, Көкшетау қаласы
Аппазова Зарина Жеңісқызы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы орталық әскери оркестрінің аға музыканты
Жидебаева Сәуле Әуезқызы – еңбек ардагері, Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы
Қарамурзина Маржан Жолаубайқызы – Астана қаласы әкімдігінің «Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» КММ мұғалімі
Корчагина Наталья Викторовна – Президент Іс басқармасының «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы» РМК инженері
Нарбекова Бану Мұқатайқызы – Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ басқарма мүшесі – проректоры
Төлеш Ботагөз Шоқанқызы – суретші, Астана қаласы
Тұңғышбаева Айнұр Нұрланқызы – «Қазақстан» РТРК» АҚ «Qyzylorda TV» Қызылорда филиалының бас редакторы, Қызылорда қаласы
Шилихина Татьяна Владимировна – «Батыс Қазақстан өңірлік электр желілік компаниясы» ЖШС Жәнібек АЭТ диспетчері, Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданы
Шолпанқұлова Мейранкүл Әубәкірқызы – «Боралдай Нан» ЖШС технологі, Алматы облысының Іле ауданы
Шопатаева Ақерке Бекғалиқызы – «Қазавиақұтқару» АҚ Ми-8 үлгісіндегі әуе кемесінің екінші ұшқышы;
«Шапағат» медалімен
Сурина Мария Алексеевна – «Ораз Жандосов атындағы № 105 гимназия» КММ қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, Алматы қаласы
Кадын Аида Витальевна – Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ студенті.
Бұған дейін Тоқаев әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтаған еді.
Ең оқылған:
- Зейнетақы жинағындағы табысты қалай тексеруге болады? – Бірыңғай платформа іске қосылды
- Щучинскідегі қайғылы өрттен кейін кафе иесі қанша уақытқа қамалғаны белгілі болды
- Тамақтан шыққан тілсіз жау: екі бала өлім аузынан қалды
- Көктемгі су тасқыны: Үкімет ең қауіпті өңірлерді атады
- Доллар бағамы күрт төмендеді