Президент мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Президент Мемлекеттік қызметші күніне орай Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында арнайы жазба жариялады.

 23 Маусым 2024 2024, 09:30
23 Маусым 2024 2024, 09:30
922

Президент Мемлекеттік қызметші күніне орай Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында арнайы жазба жариялады.

– Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Өздеріңізге Әділетті Қазақстанды құру жолында айрықша міндет жүктелген. Сіздер мемлекет пен қоғам мүддесін қорғап, жасампаздық пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетесіздер деп сенемін. Еңбектеріңіз жемісті болсын! - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетейік, 23 маусым - Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер күні.

 

Наверх