Президент мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды

26 Сәуір 2024, 19:09
1672
Бөлісу:
Президент мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл 15 наурызда Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында берген тапсырмасына сәйкес «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» заңына түзетулер енгізілді.

Заңда «Айбын» орденінің дәрежелеріне даңқты батырларымыз Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рақымжан Қошқарбаевтың есімдерін беру қарастырылған.

Заң ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Өзгелердің жаңалығы