Президент мәлімдемесінен еліміздің бүгіні мен болашағына деген сенімділікті байқадық – бас редактор

27 Сәуір 2020, 17:03
1634
Бөлісу:
Президент мәлімдемесінен еліміздің бүгіні мен болашағына деген сенімділікті байқадық – бас редактор
Президенттік қолдау

Алматы, BAQ.KZ. Президент жасаған мәлімдемеден ұлтымыздың ұйымшыл, саналы азаматтарына, шыдамдылық танытқан отандастарымызға деген ризашылық пен еліміздің бүгіні мен болашағына деген сенімділікті байқадық. Бұл туралы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университеті Ақпарат орталығының бас редакторы Кенже Жұмағұлов айтты.

Оның айтуынша, президент елдегі төтенше жағдайға байланысты шағын және орта бизнеске, ірі өндіріс орындары мен ауыл шаруашылығы саласына да мемлекет тарапынан қомақты қаржы бөліп, несиелік жеңілдіктер жасалып, 6 трлн тенгеге жуық қомақты қаржы бөлген.

Бүгін Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев, елімізде еңгізілген Төтенше жағдайларға байланысты мәлімдемесін жариялады. Президентіміз қауіпті індеттің елімізде кеңінен таралып кетпеуі үшін қабылданған қарсы шаралардың тез әрі қатаң түрде жүргізулері өзінің оң нәтижесін бергеніне тоқталды. Осы бір ауыр кезеңде мемлекет тарапынан 4 миллионнан астам азаматқа қаржылай көмек, 570 астам адамдарға азық-түлік таратылғанын айтты. Сонымен қатар, дәрігерлерге, шағын және орта бизнеске, ірі өндіріс орындары мен ауыл шаруашылығы саласына да мемлекет тарапынан қомақты қаржы бөлініп, несиелік жеңілдіктер жасалып, 6 трлн тенгеге жуық қомақты қаржы бөлінген. Жалпы Үкімет қабылдаған шұғыл шаралар мен халқымыздың ұйымшылдық көрсетуінің  арқасында қауіпті індеттін тарамауына тосқауыл қойылды, - дейді ол.

Сонымен қатар, ол төтенше жағдайдың 11 мамырға дейін созылғанын құп көретінін және бұл қиын кезеңнен сүрінбей өтеміз деген ойын білдірді.  

Президент төтенше жағдайларға қарсы ұйымдастырылған іс-шараларға жеңіл-желпі қараған басшылардың да жауапқа тартылатынын ескертті. Еліміздегі қауіпті індеттің қазіргі көрсеткіштеріне байланысты Мемлекеттік комиссия ұсыныстарын негізге алып, Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар барысын 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді. Үкімет осыған дейін қауіпті індетке байланысты халыққа, бизнес пен өндіріс орындарына, ауыл шаруашылығы саласына көрсетілген барлық қаржылай көмек түрлерін жалғастыратынын айтты. Ел басына түскен сын сағаттарда кездесер қиыншылықтардан да сүрінбей өтетініміз сөзсіз. Президент жасаған мәлімдемеден ұлтымыздың ұйымшыл, саналы азаматтарына, шыдамдылық танытқан отандастарымызға деген ризашылық пен еліміздің бүгіні мен болашағына деген сеніділікті байқадық, - деді Жұмағұлов.
Өзгелердің жаңалығы