Президент Кувейт мемлекетінің Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахты Кувейт Мемлекетінің Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

 Ақорда 25 Ақпан 2025 2025, 11:26
25 Ақпан 2025 2025, 11:26
686
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахты Кувейт Мемлекетінің Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы жеделхатта Кувейтті Таяу Шығыс пен ислам әлеміндегі саяси және экономикалық тұрғыдан беделді ел ретінде бағалайтынын жеткізді. 

Сондай-ақ мемлекеттеріміз арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген сан қырлы саладағы ынтымақтастық қос халықтың игілігі үшін алдағы уақытта да қарқынды дами беретініне сенім білдірді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахтың жауапты қызметіне толайым табыс, ал бауырлас Кувейт халқына бақ-береке тіледі. 
 

Наверх