Президент «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді

Бүгiн, 15:24
128
Бөлісу:
Президент «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
PHOTO VIDEO
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

️Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды қаласының Пришахтинск ықшамауданында таяуда ғана ашылған «Кәусар» оқушылар сарайының қызметімен танысты.

Президент «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді

️Мемлекет басшысына мұндағы 13 үйірме мен секцияға 1600 бала қатысатыны жайында мәлімет берілді. Оқушылар игілігі үшін орталықта HI-TECH цех, шығармашылық шеберхана, хореография залы, ART-студия, дыбыс жазу, телевидение және фото студиялары, VR-архитектура және WEB-дизайн кабинеттері, Intellectum-студия, Интернет заттары кабинеті, роботты техника және техникалық шығармашылық зертханасы, STEM-зертхана, музыкалық студия, экологиялық орталық, спорт және ойын алаңдары ашылған.

Президент «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді

Жалпы ауданы 3,3 мың шаршы метр болатын ғимарат сапалы қосымша білім алуға қажетті құралдармен толықтай жабдықталған.

Мемлекет басшысы жас ұрпақтың шығармашылық және креативті дамуының мәні зор екеніне назар аударды. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға, соның ішінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткізуге баса мән беретінін атап өтті. Президент оқушыларды осы маңызды бастамаға белсенді түрде атсалысуға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы