Президент Канададағы мектептегі атыс құрбандарына байланысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Канада халқының қайғысына ортақ екенін жеткізіп, қайтыс болған азаматтардың отбасыларын сабырға шақырды.

 Getty Images Кеше 2026, 19:04
Кеше 2026, 19:04
740
Фото: Getty Images

Мемлекет басшысы Канада Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тамблер-Ридж қаласындағы орта мектепте болған атыс салдарынан жазықсыз адамдардың қаза табуына байланысты Канада Премьер-министрі Марк Карниге көңіл айтты, - делінген ресми хабарламада.

Қазақстан Президенті Канада халқының қайғысына ортақ екенін жеткізіп, қайтыс болған азаматтардың отбасыларын сабырға шақырды, сондай-ақ зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетулеріне тілектестігін білдірді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, британдық Колумбия провинциясындағы Тамблер-Ридж қаласында болған қайғылы оқиғада мектепке жасалған атыс салдарынан 8 адам қаза тауып, 25-тен астам адам жараланды. Полиция атысты 18 жастағы Джесси Ван Рутселаар жасағанын анықтады. Атыс кезінде ол өз-өзіне оқ атып, оқиға орнында қайтыс болды. Қазіргі уақытта оның шабуылының нақты себебі белгісіз.

Наверх