Президент Италия министрлер кеңесінің төрағасымен кездесті

Бүгiн, 14:32
155
Бөлісу:
Президент Италия министрлер кеңесінің төрағасымен кездесті
PHOTO
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы "Абу Дабидің орнықты даму апталығы" алаңында Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді туған күнімен құттықтап, достас Италия халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Президент Италия министрлер кеңесінің төрағасымен кездесті

Президент былтыр Римге жасаған ресми сапарын ықыласпен еске алып, соның нәтижесінде Қазақстан-Италия қатынастарының жаңа кезеңіне жол ашылғанын атап өтті, - делінген Ақорда хабарламасында.

Мемлекетаралық ынтымақтастықты жоғары деңгейде сақтау үшін Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді Астанаға ресми сапармен келуге шақырды.

Өзгелердің жаңалығы