Президент экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шараларды бекітті

16 Наурыз 2020, 19:24
1561
Бөлісу:
Президент экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шараларды бекітті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" бұған дейін қабылданған Жарлыққа сәйкес бірқатар тапсырмалар жүктеді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы

"Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы президентiнің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286  Жарлығына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының президентімен келісу бойынша:

1) салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін салық мөлшерлемелерін белгілесін, салық базасын, салық салу объектілерін, салықтық кезеңді айқындау және салықтық міндеттемелерді орындау тәртібін;

2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілердің жекелеген санаттарын;

3) мемлекеттік бюджетті қалыптастырудың, нақтылаудың және атқарудың ерекше тәртібін;

4) мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібін айқындасын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметіне:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, шекті тарифтерді және Қазақстан Республикасының халқы мен экономикасының үздіксіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті азық-түлік пен басқа да тауарларға бағаларды белгілеу;

2) Қазақстан Республикасының халқы мен экономикасының үздіксіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тауарларды әкелу мен әкету тәртібін айқындау құқығы берілсін.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Өзгелердің жаңалығы