Президент "Digital Centre" цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығына барды

20 Қараша 2019, 16:44
2042
Бөлісу:
Президент "Digital Centre" цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығына барды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Digital Centre" орталығында мемлекет басшысына тұрғындар мен ел қонақтарына қызмет көрсететін электронды үкімет жүйесі таныстырылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа "eGov mobile" мобильді қосымшасы, Facebook, VKontakte әлеуметтік желілері мен Telegram мессенджері арқылы мемлекеттік қызмет алудың жаңа мүмкіндіктері мен артықшылықтары көрсетілді. Сонымен қатар 2020 жылға қарай мемлекеттік қызмет көрсетудің 90 пайызын цифрлық форматқа көшіру жоспары туралы да айтылды.   

 

8fe4d6cf57f59499c422dcd0daa1e28a.jpg


 

Бастысы – сапа мен жедел қызмет көрсету. Біз жоғары технологияларды пайдаланатын алдыңғы қатарлы ел болуымыз керек деп ойлаймын, – деді мемлекет басшысы. 

ccbbf66556e0c6e569dfb9c25c6de187.jpg


 

Бүгінде "Digital Centre" орталығында 1220 адамның биометриялық дерегі тіркелген. Осының арқасында олар өздерінің жеке құжаттарын көрсетпей-ақ мемлекеттік қызмет ала алады. Орталық қашықтан видео-сервис арқылы қызмет көрсетеді. Сондай-ақ елорда тұрғындары бұл жерде цифрлық сауаттылық дағдыларын меңгереді. 

a4f28070dba2e4ef87004172030afe7b.jpg


 

07b736e2d8ba90a062cb4c17c8f95488.jpg


 

Өзгелердің жаңалығы